Жаңалықтар

Қарағандыда кейбір маршруттарға билет бағасы арзандады

Жолаушылар үшін жағымды жаңалық. Қарағанды автовокзалының жұмысына өзгерістер енгізіліп, ел ішіндегі кейбір маршруттарға билет бағасы арзандады. 

Енді жолаушылар Нұр-Сұлтан қаласына 1200 теңгемен, Балқашқа 2800 теңгемен бара алады. Ал, Алматы, Шымкент қалаларына баратын автобус билетінің бағасы – 5570 теңге, Өскемен қаласына – 7000 теңге, Семейге – 4400 теңге, Павлодарға –  3000 теңге. Сондай-ақ, “Қарағанды – Талдықорған” бағытына жүретін жаңа рейс ашылды. Билет құны – 8500 теңге. 

“Қарағанды – Петропавл” бағытындағы маршрут қайта жанданды.  Автобус аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүреді. Жөнелту уақыты: 15.40. Билет құны – 6 000 теңге. 

Басқа материалдар

Back to top button