Жаңалықтар

Тегін сүндетке отырғызуда

Аймақта алғаш рет көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тегін сүндетке отырғызуда. Мұсылмандық жоралғыны облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары жасап жатыр. Қайырымдылық акциясы аясында 21 балаға хирургиялық көмек көрсетілмек.


Ғылыми тілде циркумцизия деп аталатын сүндеттеу шарасы фимоз сияқты көрсеткіштер болғанда ғана тегін орындалады. Қазір негізінен жеке өтініш жасап келген ата-аналар өз қалталарын 20-30 мың теңге көлемінде қаражат төлеп жасатады. Мұндай қаражатты төлеуге мүмкіндігі жоқ көпбалалы отбасылардың тізімін облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасаған. Отаны облыстық балалар клиникалық ауруханасының үздік хирург-урологтары жасайды.
Біз әр отбасына хабарласып, ыңғайлы болу үшін арнайы кесте құрдық. Ота алдында балалар тексеруден өтіп, қажетті сараптамаларды жасатуы тиіс. Қазіргі таңда 11 балаға операция жасалды, дейді облыстық балалар клиникалық ауруханасының директоры Арғын Бидайбаев.
Бас дәрігердің айтуынша, ең кішкентай «жігіт» 3 жаста болса, ең үлкені 5 жаста. Циркумцизия жасауға жарты сағаттай уақыт кетеді және жергілікті анестезиямен жүргізіледі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button