Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда көпбалалы отбасылар үшін балабақшалар 50% жеңілдік ұсынады

Қарағанды облысында көпбалалы отбасылар 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда 50% жеңілдікке ие болады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

– Қарағандыда балабақшаға бару айына 11 мың теңге тұрады. Егер отбасында үш бала болса, онда қиындық тудыратыны белгілі. Бекітілген ережелерге өзгерістер енгізуге уақыт керек. Біз өз ұсынысымызды бердік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап норма енгізіледі, – деп хабарлады білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев. 
Оның сөзінше, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың бастауыш сыныпта оқитын балалары үшін мектептерде тегін ыстық тамақ беру қарастырылған. Бұл мақсатта бюджеттің 107, 4 млн. теңгесі жұмсалады.
Басқа да қолдау шаралары бойынша 1-4 сынып оқушыларына ұзартылған топ, мектеп жанындағы лагерлерде 1-9 сынып оқушыларына тегін демалыс ұйымдастырылады. Ол үшін де қаражат қарастырылған деді басқарма басшысы.
5,5 млрд. теңге тегін техникалық білім беруге қарастырылған. Бұл ақша 800 грантқа жеткілікті. 
Жәрдемақының жаңа жүйесі көпбалалы отбасыларына қалай әсер ететіні туралы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдеді.
2019 жылдың 1 шілдесінен Қазақстанда кедейшілік шегінің көрсеткіші 50-ден 70 пайызға дейін көтеріледі: 14 849-нан 20 789 теңгеге дейін. Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасыларға ай сайын кепілденген 20 789 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. 
Мәселен, 4 бала тәрбиелейтін ана өз жанұясына 50 мың теңге кіріс енгізіп отыр. Бүгін ол 22 446 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алады. 1 шілдеден бастап осындай кіріспен отбасы 94 мың теңге алады, яғни жәрдемақы 4 есе өседі, – деп мысал келтірді Әсем Жүніспекова. 
Оның мәліметінше, бүгінгі таңда облыста атаулы әлеуметтік көмекті 2100 отбасы алады, бұл 10 600 адам деген сөз. Жаңа жүйе бұл көрсеткішті ұлғайтады деп күтілуде. 
Барлық қолдауға мұқтаждарды анықтау үшін әлеуметтік қорғау қызметінің мамандары аулаларды аралайды. 
1 маусымнан бастап облыстың ірі қалаларында көпбалалы аналарға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button