Жаңалықтар

Қарағандыда ІТ-жобалар көрмесі өтті

Қарағанды қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық ІТ – жобалардың көрмесі өтті. Атлмыш шараға  Қарағанды облысы әкімдігі қолдау көрсеткен.   

Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: «Цифрландыру – экономиканы дамытудың драйвері» дөңгелек үстелі, отандық ІТ-жобалар көрмесі және «Smart city Karaganda» Хакатон. 

,Дөңгелек үстелде мемлекеттік органдардың ІТ-қауымдастықтармен байланысына қатысты сұрақтар талқыланды. Оған Қарағанды, Павлодар, және Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана қаласының өкілдері қатысты. Қатысушылар Smart city саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Шешімін күтіп тұрған мәселелер де ортаға салынды. 
Ал Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында отандық ІТ-жобалар көрмесі өтті. 
– Жалпы саны бұл жерде 12 жоба қойылған. Бұлар әртүрлі салада: денсаулық сақтау, білім, қоғамдық тәртіпті сақтау және өзге де салаларда қолданылуда. Көрменің мақсаты – жобалардың танымалдылығын арттыру, сандық технологияларды енгізуге бірлесе күш салуға шақыру, – дейді Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Рустам Байжанов. 
«Қазақтелеком» компаниясы бизнес үшін ІТ-шешімдер пакетін, сонымен қатар бейнебақылау қызметін ұсынады: көлік және мәліметтерді сақтау жүйесі, құқық қорғау органдарына арналған, жергілікті билік органдарына, білім ұйымдарына және тағы басқа. 
«Перспектива» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзінің жобасын ұсынды. Компанияның бейнебақылау жүйесін құру және тиімді пайдалануда Қарағанды облысының құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар. Қазіргі таңда Қарағанды бойынша 4000-нан астам камера орнатылған, оның 1248-і далада, 3144-і білім нысандарында тұр. 
ЭКГ телеметрия жүйесін Астана кәсіпорны «СапаТелеМед» ұсынды. Ол жобаны Қарағанды облысының кардиохирургия орталығымен бірлесіп жүзеге асырады. Бұл жүйеде бүгінгі таңда облыстың 70 медициналық мекемесі жұмыс істейді. Облыстық жедел ЭКГ-диагностика телемедициналық жүйесі құрылған. Оның көмегімен шалғайдағы елдімекен тұрғындары жоғары сапалы көмек ала алады. 
Цифрландыру күнін «ақылды қалалар» саласындағы жобаларды дамытуға бағытталған Хакатон аяқтайды. Ұйымдастырушылар болашақта жүзеге асырылатын қызықты идеялар болатынына үміттенеді. Хакатонның жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды.

Дереккөз:  karaganda-region.gov.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button