Қарағандыда – «Джимхана» Кубогы

Қарағандыда автожүріс тәртібі бойынша «Джимхана» кубогы өтеді. Ұйымдастырушылар – Қарағанды қаласының әкімдігі, ҚР автомотоспорт федерациясы мен «StarMax» ЖШС.

– Бұл жарыстың мақсаты – әуесқой автомобильшілер арасында автоспортты насихаттау, оларды осы спорт түрімен айналысуға тарту, түрлі қиын жағдайларда көлік басқаруды жетілдіру, жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жастарды техникалық спорт түрлеріне ынталандыру мен саламатты өмір салтын насихаттау, — дейді ұйымдастырушылар.

Жарысқа ҚР АМСФ берген «L», «D» немесе «Е» санаттарындағы жүргізуші куәліктері мен медициналық анықтамалары бар азаматтар қатыса алады. Ұйымдастырушылар оларды жарыс өтетін жолмен таныстырады. Өздігінен жолға шығуға тыйым салынады. Бір көлікте бірнеше қатысушы болуы мүмкін, оған рұқсат етілген.

«Джимхана» – бұл автоспорт түрі, онда қатысушылар жасанды кедергілер арасынан жылдам шығу бойынша жарысады. Асқан жылдамдықпен аз уақыт ішінде көрсетілген жол бөлігін өтіп шығуы тиіс. Автоспорттың бұл түрі алғаш рет Жапонияда пайда болған, кейін АҚШ пен Ұлыбританияда дамыған көрінеді.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.