Бас тақырыпКоронавирус

Қарағандыда аялдама павильондары дезинфекцияланады

Қарағанды қаласында аялдама павильондары дезинфекцияланады. Сондай-ақ, орындықтар мен аялдамаға іргелес аумақтар да тазартылды. 


– Бүгінгі күннен бастап жолдарды, саябақтарды және гүлзарларды күтіп ұстау бойынша қызмет көрсететін барлық мердігерлік ұйымдар аялдамаларды, орындықтарды, тірек қоршауларын, қоқыс жәшіктерін, бағдаршам нысандарын, бағдаршамдарды шақыру таблосын арнайы қоспамен өңдеуді бастады. Сондай-ақ, күніне бір рет балалар мен спорт алаңдарында дезинфекция жүргізіледі, – дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақпанов.
Жұмысты төрт мердігер ұйым орындайды. Аудандық әкімдіктер мен коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан күнделікті бақылау жүргізіледі.

Қалада күн сайын 400-ден астам аялдама павильондары, 2000 орындықтар, жаяу жүргіншілер шақыру құрылғыларында 92 шақыру таблосы өңделеді.

«Қарағанды Су» ЖШС ауыз су сапасын бақылау зертханасы бастығының м. а. Елена Гниломедова дезинфекцияны қандай ерітіндімен жүргізетінін айтты.
– Күн сайын «Қарағанды Су» ЖШС зертханасы 400 текше метр көлемінде концентрациясы 0,1% кальций гипохлориді негізінде хлорлы дезинфектант дайындайды. Бұл дезинфектант зарарсыздандыратын қасиеттерге ие.

Басқа материалдар

Back to top button