Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда Астананың Мәдениет күндері өтеді

Қарағандылықтарды елорданың 20 жылдығына арналған Астананың Мәдениет күндеріне шақырады. Екі күндік ауқымды бағдарлама 21-ші маусымда басталады, – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Елордалық шығармашылық ұжымдар концерттер, көрмелер алып келеді. Open Air және цирк шоуы ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Барлық қойылымдарға кіру – тегін.

Шаралар өтетін алаңдардың бірі Кеншілер мәдениет сарайы болады. Мұнда 21-ші маусым 15.00-де елордалық шеберлердің анағұрлым жарқын туындылары ұсынылатын «Ақ тілекпен, Астана!» суретшілер көрмесі ашылады. Оны екі күн аралығында тамашалауға болады.

21 маусым 17.00-де КМС сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астанадан ақ тілек…» атты гала-концерті өтеді. Қарағандыға Қайрат Нұртас, Клара Түленбаева, Асқар Жайлаубаев, Күләйім Қайырбаева, Di-ArtStyle триосы, Адам, Индира Расылхан, Алмас Кішкенбаев, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, сондай-ақ Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі мен елордалық би ансамбльдері келіп, өнер көрсетеді.

Дәл осы күні 20.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағының басты эстрадасында көрнекті Open Air «Астанадан ақ тілек…» концерті өтеді. Ашық аспан астында гала-концертке қатысушылар өнер көрсетеді. Оларға танымал әртістер Дос, «Suraya» дуэті, Ринат Малцагов және астаналық диджецлер қосылады.

22 маусым 19.00-де Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында «Елімнің жүрегі – Астана!» атты бағдарламамен «Наз» мемлекеттік би театры өнерлерін ортаға салады.

Астаналық цирк әртістері «Құрметпен, Астана!» бағдарламасымен келмек. Көрермендерді 21-22 маусымда Қарағанды циркіне шақырады. Шоудың басталуы 16.00-де.

Мәдени бағдарламамен қоса, спорттық шаралар да өтеді. 22 маусымда Пришахтинскідегі БЖСМ-де гандбол бойынша жастар турнирі болады. Басталуы 10.00-де.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button