Бас тақырып

Қарағандыда арнаулы жиынға қанша адам шақыртылды

Қарағандыда әскери міндеттілер қатарына өз еркімен қосылуға ниетті азаматтардың тізімі жасақталды. Бүгінге дейін 95 адам арнаулы жиынға қатысуға өтініш білдірді. Олар, тек, Қарағанды қаласынан ғана таңдап алынды. Ал, аймақтың өзге қалалары мен аудандарында әзірге арнаулы жиын өткізу туралы жоспар жоқ. Бұл туралы  Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқарманың басшысы Жомарт Жылқыбаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, әскерге шақырылушылар бір ай бойы қала аумағын санитарлық өңдеу үшін қосымша күш ретінде жұмылдырылады. Оларды мамандар алдын ала оқытады.

– Барлығы киім-кешекпен, қорғаныш костюмдермен және құралдармен қамтамасыз етіледі. Әскерилер күніне үш рет тамақтанады. Мемлекет есебінен арнайы жиынға қатысушыларға еңбекақы төленеді. Жұмыс істемейтін адамдар 42 500 теңге алады (ең төменгі еңбекақы мөлшері). Ал, жұмыс істейтін азаматтарға орташа айлық жалақылары төленеді. Жиын барысында жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады, – деді Жомарт Жылқыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Жергілікті атқарушы органдарға әскери міндеттілердің санын және арнайы жиындарды өткізу мерзімін анықтау тапсырылды.

Басқа материалдар

Back to top button