Жаңалықтар

Қарағандыда қайта өңделеді

Қазақстанда ескі автокөліктерді қайта өңдеу бағдарламасы қорытындыланды. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының мәліметінше, 1 жылдан астам мерзім аралығында ел тұрғындары шамамен 50 мыңға жуық темір тұлпарды қайта өңдеуге өткізген.

Қаржылай өтемақы төлеуді көздейтін бағдарлама бойынша тұрғындардан 6 млрд. теңге сомасына 40 мың автокөлік сатып алыныпты. Ал, жаңа автокөлік алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификатына 8 мың қазақстандық қол жеткізген. Бұл ретте, ескі автокөлік өткізуде алда тұрған – Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары екенін айта кеткен жөн. Аталған көліктердің «орта жасы» 25-30 жылды құраса, ең ескісі 1942 жылы конвейерден түскен «Москвич» маркалы темір тұлпар екен.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көліктер, өз кезегінде Қарағанды облысына жеткізіліп, қайта өңделеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button