Бас тақырыпКоронавирус

Қарағандыда 6 айлық сәби коронавирус жұқтырған

Бүгін Қарағанды облысында 3 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың бірі – 6 айлық сәби. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Алты айлық сәбиден COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұған дейін оның ата-анасынан вирус табылып, провизорлық госпитальге жатқызылған. Екінші науқас – 41 жаста. Қарағанды қаласының тұрғыны. Індетке шалдыққан адаммен жақын байланыста болған. Үшінші адам – 19 жаста. Теміртау қаласының тұрғыны. Вирус жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста инфекцияның 87 жағдайы тіркелді, оның біреуі қайтыс болды, төрт науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. 

Басқа материалдар

Back to top button