Бас тақырыпКоронавирус

Қарағандыда 4 адам коронавирустан жазылды

Бүгін Қарағанды облысында 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. Олардың үшеуі Қарағанды қаласының, ал, біреуі Шахтинск қаласының тұрғыны.  Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“1953 және 1991 жылы туған ер адамдар және 2017 жылғы қыз бала індетті жеңді. Олардың үшеуі де Қарағанды қаласының тұрғындары. Сонымен қатар, Шахтинск қаласында тұратын 1997 жылғы ер адам коронавирустан жазылды. Науқастардың барлығында сырқат жеңіл түрде өткен. Олар толық емдеу курсынан өткен соң 2 мәрте тест тапсырды. Сараптама нәтижесінде вирус анықталған жоқ. Науқастар 14 күнге үй карантиніне жіберілді”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button