Басты тақырып

Қарағандыда 3 автоорталық бой көтереді

Бұйырса, германиялық «BMW», жапондық «Subaru» және корейлік «Hyunday» көлігін қарағандылықтар шекесінен шертіп жүріп алатын болады. Дәлірек айтқанда, жаңадан тұрғызылатын үш автоорталық Қарағандыда «BMW», «Subaru», «Hyunday» автокөлік маркаларын ұсынбақ. Бұдан бөлек, Қарағандының Солтүстік-Шығыс бөлігінде орналасатын автоорталық шаһардың тыныс-тіршілігін одан әрі өркендетеді деп күтілуде. Үш бірдей нысан бірінен соң бірі тұрғызылатын жер телімі ендігі берілген. Мәселе – тек техникалық рұқсаттық құжаттардың жеделдігіне байланысты болып тұр. Ол – электр қуаты, жылумен жабдықтау және сумен қамту, кәріз желісі. Алдағы уақытта жергілікті билік аталған мәселелердің оң шешімін табу үшін міндеттемелерді мойнына алып отыр.

«Eurasia Motors Karaganda» ЖШС-нің бұл жобасының құны – 1,2 млрд. теңге.

Қаржыландырылуының 90 пайызы – жарғылық капитал негізінде. Құрылтайшысы «Кристал авто» ЖШС Ростислав Ключников орталықтың заманауи қажеттілік екенін айтады. Жобаның мақсаты – Қарағандыда автокөліктің түрлі моделімен, сапалы қызмет көрсету, тұпнұсқа қосалқы бөлшекпен қамту. Сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, бюджетке салықтық түсімдер молаймақ. Мемлекеттік қолдауға келсек, «Сарыарқа» ӘКК ҰК АҚ-ның құрамына ену.

Ал, автокөліктің нарығында әлемдік брендке айналған көліктер концернінің талабына сай орталық бүгінгі таңда Қарағандының басында саусақпен санарлық қана екен. Нақтыласақ, концерн стандартына сай екі ғана дилерлік орталық салынған. Ол – «Рено» және «Тайота» орталықтары.

«Жобаның бастамашысы – «Eurasia Motors Karaganda» ЖШС, біздің серіктесіміз – «Astana Motors» ЖШС болып табылады. Әрбір бренд үшін жеке орталық тұрғызуды автокөлік өндірушілері неге талап етеді? Өйткені, әрбір орталықтың жеке дербес салынуы брендтің тұжырымдамасы дайындалып, әр брендтің штаб-пәтерінде бекітілген», – дейді Ростислав Ключников.

Құрылтайшының айтуынша, бірінші кезекте, «Hуunday» дилер орталығы тұрғызылмақ. Себебі, «Hyunday» маркасы бүгінде елге танымал бренд. Қазақстандықтар өзімізде құрастырылатын құйындай жүйткіген «Hyunday» тұлпарын тақымға басқанды қолай көреді. Оған қоса, бұл брендтің Қостанайда жиналуы да, сонымен қатар, Қазақстан даму банкінің түпкілікті тұтынушы үшін субсидиялап, 4 пайызбен несиеге алуына мүмкіндік беретіні де орталықтың бірінші болып бой көтеруіне ықпал етпек.

Қазіргі уақытта компанияға құрылыс үшін жер телімі берілген. Алдымен, «Hyunday» автоорталығын 2019 жылы іске қосамыз дейді. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 30 жұмыс орны ашылмақ көрінеді. Үш орталық қосылғанда 60 қарағандылық жұмыспен қамтылмақшы.

Ал, мамандардың біліктілігін басты назарда ұстамақ компания. Ол үшін мамандарының ұдайы біліктіліктерін көтеруге мүдделі екендіктерін жеткізді. Жалақылары да қомақты болмақ екен. Жобаны іске қосу мерзімі – 2018-2023 жылдар.

Қызғалдық АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button