Бас тақырыпКоронавирус

Қарағандыда 1 адам коронавирустан жазылды

Бүгін Қарағанды қаласында 44 жастағы әйел адам коронавирус індетін жеңіп, сырқаттан құлан-таза айығып шықты.Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Хабарламада науқастың “Миниск – Нұр-Сұлтан” бортының жолаушысы екені айтылған. Науқас емдеу курсынан толық өткен. Осыдан соң 2 мәрте ПТР (полимеразды тізбекті реакция) сараптамасын тапсырған. Сараптама нәтижесі оның вирусты толық жеңгенін көрсетті. Науқас 14 күнге үй карантиніне жіберілді.

Айта кетейік, аймақта індетті жеңген науқастардың жалпы саны 5 адамға жетті. 

Басқа материалдар

Back to top button