Қарағанды жолдары қатаң бақылауда

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ аймағымызда ағаштарды отырғызу жоспарын құруды тапсырды. Құжат келешекте қалалар мен аудандарды тиімді әрі жылдам көгалдандыруға қажет болады.

Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен ап- параттық жиналыста талқыланды.

Аймақ басшысы ағаштарды санитар- лық нормаларға сай отырғызуды тапсырды. Оның пікірінше, биылғы және өткен жылы отырғызылған ағаштарды есеп барысында салыстыру – тиімсіз және қажеті жоқ әре- кет. Қазақстандық нормаға сәйкес өндірістік қаланың бір тұрғынына кем дегенде 16 шаршы метр ағаш пен бұталар тиесілі ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормаларына сай ол көрсеткіш 40 шаршы метрді құрауы тиіс.

 – Мені толғандыратын сұрақ – Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Сәтбаев қа- лалары жасыл бола ма? Өткен жылдармен салыстырудың қажеті жоқ, қазіргі жағдайға қарау керек! Мен облысымыздың барлық қа- лалары үшін дендрологиялық жоспар құруды тапсырамын, – деді Ерлан Қошанов.

Әзірге ондай жоспар, тек, Теміртау қаласында ғана құрылған. Онда қалада қанша ағаш, қай жерге және қашан отырғызылатыны көрсетілген. Жиналыс барысында облыс әкіміне, сондай-ақ, 9 сәуірде басталған санитарлық тазалық және абаттандыру екі айлығы қалай өтіп жатқаны туралы баяндалды.

– Осы уақыт аралығында сенбіліктер- ге 157 000-нан астам адам, 8 мыңға жуық кәсіпорындар мен білім ордалары қатысты. 1200 арнайы техника жұмылдырылды. Қоқыстан 17 000-нан астам гектар аумақ тазартылды, 654 заңсыз қоқыс үйінділері жойылды және қатты қоқыстарға арналған 514 контейнер орнатылды.

Дегенмен, заңсыз қоқыс үйінділеріне қатысты проблема әлі де өзекті: сенбіліктерден соң ешкім жиналған қоқысты шығаруды қадағаламайды. Бізге бұл проблеманы жүйелі түрде шешу қажет.

 Мен өз басым қоқысты жинап, жолдың шетінде қалдырып кеткендерді бірнеше мәрте ұстап алдым. Қазір оларды бақылау назардан тыс қалып отыр, – деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа. Бұл мәселеге қатысты аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне уақы- тында заңсыз қоқыс үйінділерін қадағалап отыруды, ал полиция қызметкерлеріне абат- тандыру нормаларын бұзатындарды жауап- кершілікке тартуды тапсырды.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов жолдардың нашар жағдайына байланысты қол астындағы қызметкерлердің жұмысына наразылығын білдірді. Сынның басым бөлігі Қарқаралы ауданындағы жағдайға байланысты айтылды. Аймақ басшысы Егіндібұлақ кентінен Қырғыз ауылдық округіне дейінгі жолдың өте нашар жағдайына қатысты сын айтты. Қарқаралы ауданын Егіндібұлақ кентімен жалғайтын жолдың орташа жөндеуі былтыр өткізілген болатын. Алайда, Теректі кентінің маңында орналасқан «Алтай Полиметалл» ЖШС тау-кен байыту кешенінің өнімдерін тасымалдайтын жүк көліктері жол жабынына зақым келтірген.

Қарқаралы ауданының әкімі Қырғыз елді мекені шекарасынан Егіндібұлақ кентіне дейнгі жолдың 25 шақырымында шұңқыр- ларды бітеу жұмыстары жасалып жатқанын айтты. Қалған 25 шақырымда орташа жөн- деу жүргізу жоспарланып отыр.

 – Жоспарланған 50 шақырымның 25 шақырымын жөндеуге қатысты тендер өтті. Тендер құны 234 миллион теңгені құрады. Осы аптаның соңында мердігерлер жұмысты бастайды, – деп мәлімдеді аудан басшысы Халел Мақсұтов.

Ол сонымен қатар, осыдан екі апта бұрын «АлтайПолиметалл» ЖШС басшылығы тым ауыр жүк көліктері бар мердігерлермен жұмыстарын доғаруды шешкені туралы айтты. Енді, шикізат пен өнімді кәсіпорында күн сайын бес «КамАЗ» көлігі тасымалдайды. Осылайша, жүктелу 8 тоннадан аспайды және жол жабыны бұзылмайтын болады.

– Қазір бұл жол бөлігінде патруль кезекшілік етеді. Жуырда Егіндібұлаққа ба- ратын жолда ереже бұзған жүк көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салынды, – деді Халел Мақсұтов.

Аймақ басшысы жол полициясы қызмет- керлеріне аймақтағы жолдардың жағдайын қадағалауды тапсырды. Ал, тәртіп сақтау органдарына жүк көліктерін қадағалауға алып, олардың тыйым салынған жолдарда жүрмеулерін бақылауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.