Бас тақырыпҚарағанды

Қарағанды жалғыз емес…

Географиялық картаға зер салсаңыз, жер бетінде “Қарағанды” деген атауға ие бірнеше елді мекеннің барын байқайсыз. Әрине, олардың ішіндегі ең ірісі – біздің қаламыз.

Биыл кеншілер шаһары атанған Қарағанды қаласы- ның іргетасы қаланғанына 85 жыл толады. Қазіргі таңда қалада шамамен 500 мыңнан астам тұрғын бар. Халық саны бойынша, Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан кейінгі төртінші орынды иеленген.

«Қарағанды» деп аталатын екінші елді мекен Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан. 2009 жылғы санақ мәліметі бойынша, Қарағанды ауылында 164 адам тұрады.

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында да, «Қарағанды» деп аталатын ауыл бар. Онда 214 адам тұрады.

Көрші Ресей Федерациясының да, өз Қарағандысы бар екен. Ол Орынбор облысының Домбаров ауданында орналасқан ауыл. Тұрғындар саны – 214 адам.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button