Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ – ҮЗДІКТЕР САПЫНДА

    Қазақстанның үздік көпсалалы университеттерінің қатарындағы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ 4-ші орынды иеленді. Бұл үштікте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті бар. Бұл туралы Қазақстанның электронды үкімет сайты хабарлайды.

Рейтингті жасаушылар жоғары оқу орындарының көпсалалы, техникалық, гуманитарлы-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттарын ескерген. Барлығы 61 жоғарғы оқу орны бақ сынасты. Ұлттық рейтингке олардың 57-сі енді.
Техникалық мамандарды дайындау бағытында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қазақ-Британ техникалық университетінен соң екінші орынды иеленді.

Медицина университеттерінің үздіктері қатарында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университеті танылды.

 Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button