«Қарағанды-Теміртау» автожолын жөндеу қазанда аяқталады

«Қарағанды-Теміртау» автожолын жөндеу жұмыстары 2019 жылдың қазан айында аяқталады деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясы. Компанияның хабарлауынша, 2019 жылы жол жөндеушілер ұзындығы 15 шақырым «Қарағанды-Теміртау» автожолының 1 444-1 457 шақырым учаскесін аяқтауы тиіс. Бас мердігер – «СейСер» ЖШС.

«Қазір жолға қиыршық- -құм-цемент қоспасынан жасалған негізгі қабатты орнату, су өткізу құбырларын монтаждау және жер төсемін салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мамандар жолдың сол жағын кеңейту үшін цемент-бетон жабындысын төсеуге кірісті» дейді компания баспасөз қызметі.

Жалпы, «Қарағанды-Теміртау» автомобиль жолын жаңарту жұмыстарын биыл қазан айында толық аяқтау жоспарда.