Жаңалықтар

“Қарағанды-Шахтинск” тас жолында жолбарыс жүр ме?

Күні кеше әлеуметтік желіде “Қарағанды-Шахтинск” тас жолының бойында түз тағысы жолбарыс жүргені туралы ақпарат таралды. “Инстаграм” желісінде және “Whatsapp” мессенджерінде тараған ақпаратта видеоның  “Шерубай-Нұра” көпірінің бойында түсірілгені айтылған. Бұл – жалған ақпарат.

Бұл видео Ресейдің Хабаров өлкесінде түсірілген екен. Амур жолбарысының тас жолда жүргені туралы ақпарат ресейлік БАҚ-та кең таралып, талқыға түскен. Оның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.

 

Басқа материалдар

Back to top button