Жаңалықтар

“Қарағанды – Шахтинск” тас жолында көлік апаты болды

Қарағанды-Шахтинск тас жолында көлік өртеніп төрт адам жол апатынан зардап шеккен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жол көлік апаты Шахтинск қаласынан 15 шақырым жерде болған. Тас жолда Volkswagen Passat пен Audi көліктері соқтығысқан.

“Соғылу салдарынан Audi көлігі жанған. Оқиға орнында екі арнайы техника мен 9 өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеді”, – деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дауренбекова.

Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен төрт азаматты орталық ауруханаға жеткізген. 

 

Басқа материалдар

Back to top button