Жаңалықтар

Қарағанды саябақтарында Wi-Fi орнатылады

Алдағы уақытта облыс орталығындағы саябақтарда қоғамдық Wi-Fi орнатылады. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездестім.

Соңғы жылдары ұлттық байланыс операторымен көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, Қарағанды мен Теміртау қалаларында 2 мыңнан астам кіреберіс бейнебақылау камералары іске қосылған. Облыстың төрт қаласында арнайы газ талдағыштармен ауа сапасының экологиялық мониторингі енгізілді.

 Екі жыл ішінде облыс ауылдарының 90%-ын кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге келістік.

Біздің облыс орталығын жайлы етуге көмектесетін бірқатар жобаларды талқыладық. Жоспар бойынша Қарағанды орталығында және қаланың басты саябақтарында қоғамдық Wi-Fi орнатылады» делінген жазбада.

 Сондай-ақ, аймақ басшысы «Ақылды қала» жобасы аясында «Қазақтелеком» big dataны қолдану арқылы жаңашыл технологияларды енгізуді ұсынғанын айтты. Жаңа технология арқасында көліктік жоспарлау, экономикалық белсенділікті, көші-қон мен жұмыссыздықты, туристер ағынын талдау жұмыстарын тиімді жүргізуге жол ашылады. Бұл межеге қол жеткізу үшін барлық байланыс операторлары біріге жұмыс атқаруы қажет.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button