Басты тақырыпҚарағанды

Қарағанды сарбаздары – алдыңғы лекте

Кеше Қарағандыда ҚР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы, генерал-лейтенант Мұрат МАЙКЕЕВ жергілікті әскери басқару органдарының өкілдерімен жиын өткізді. Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қатысқан республикалық жиында көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығарылып, сондай-ақ, алдағы күзгі шақырылым міндеттері белгіленді.

Әскери борышты атқару әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті. Сондықтан, бүгінгі шара облыс орталығы үшін ғана емес, жалпы қазақстандықтар үшін маңызды. Өт­кен әскерге шақыру науқаны бойынша Қарағанды облысы алға қойған жоспарды жүз пайыз орындады, – деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Жиынға республикалық маңыз­дағы қалалар мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, об­лыс­тардағы денсаулық сақтау бас­қар­малар басшыларының орын­басарлары, Қорғаныс істері бойынша департаменттер басшылары қа­тысты.

Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұдайы жіті назарының арқа­сында бізде қазіргі уақытта заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз етілген, өзіндік жауынгерлік қабілеті ұтқыр әскерлер мен әскери құрылымдар бар. Бұл ретте қару-жарақ және техникамен жоғары деңгейде жабдықталуына қарамастан, негізгі жауынгерлік компонент адамның әлеуеті, яғни, жеке құрам болып қала береді. Шақырылу контингентінің сапасы артып келеді. Біз қазіргі кезде анағұрлым жақсы, сауатты сарбаздарды қабылдап жатырмыз. Аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне аумақтық қорғаныс жүйесін кіріктіру тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама шең­берінде аумақтық қорғаныс басқармасы құрылды. Оның негізгі міндеттері жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру болып табылады, – деді Мұрат Майкеев.

Көктемгі шақырылым қоры­тындысы бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының Қорғаныс істері жөніндегі депар­таменттері алдыңғы лектен көрінді. Сонымен бірге, шақырылу контингентін алдын ала зерделеу, сондай-ақ, мектептерде ұйымд­астырылатын алғашқы әскери дайындық мәселелері қозғалды.

Бұқаралық ақпарат құрал­дарымен жұмыс жөніндегі депар­тамент басқармасының бас­шысы Нұрбол Серікбеков нұсқау-әдістемелік сабақтар ба­ры­сында «Мемлекет қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мен әскердің жағымды имиджін қалыптастырудағы БАҚ ролі» тақырыбында баяндама жасады.

Жер­гілікті әскери ор­ган­дардың басшылық құра­мы­ның алдағы уақытта өтетін оқу-әдістемелік жиыны 22 қыркүйекке дейін Спас­скідегі Құрлық әскерлерінің оқу ор­талығында жалғасады.

Салтанат Ильяшова

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button