Бас тақырып

Қарағанды облысының Полиция департаментіне 86 арнайы көліктер табысталды

Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі 86 қызметтік автокөлікпен толықты.  Аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық полиция департаменті қызметкерлеріне жаңа көліктердің кілтін табыстады.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің әр азаматының тұрақтылығы мен тыныштығы сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Тұрғындар әр түрлі өмірлік жағдайларда бірінші кезекте сіздерге жүгінеді. Күндіз де, түнде сіздер алдыңғы қатардасыздар, – деді Ерлан Қошанов. 

 Жаңа көліктер жол-патруль қызметі мен жергілікті полиция бөлімшелеріне беріледі.

 

Басқа материалдар

Back to top button