Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ардагерлерді құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кеншілер шаһарында тұратын соғыс ардагерлерінің үйіне барып, мерекелерімен құттықтады. «Біз сіздерге, барша ардагерлерге шексіз алғыс айтамыз», — деді аймақ басшысы.


— Бұл мерекеге бізге оңайлықпен келген жоқ. Офицерлер мен солдаттардың ерлігінің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Бейбітшілік пен бақытты өмір жолында миллиондаған адам өз өмірін қатерге тікті, қаншама қан төгілді, — дейді ардагер Серафима Пономарева.

Айта кетейік, Қарағанды облысынан майданға 45 мыңға жуық адам аттанған. Олардың 18 мыңы елге қайтып оралған жоқ.