Бас тақырып

Қарағанды облысының емханалары қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуде

Төтенше жағдай режимі және карантин тәртібі медициналық қызмет көрсету саласына түзетулер енгізді. Аймақтағы емханалар қашықтан жұмыс істеу форматына көшеді. Әйтсе де, емделушілер дәрігерге жүгініп, қажетті көмек алу мүмкіндігіне ие. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

– Карантин жағдайында емханалардың жұмысын ұйымдастыруға өзгерістер енгіздік. Олар барынша байланыссыз жұмыс режиміне көшті. Бұл адамдар қажетті медициналық көмексіз қалады дегенді білдірмейді. Олар шұғыл жағдайларда науқасты қабылдайды, қажетті тексеру жүргізеді және ем тағайындайды. Сонымен қатар, үйде медициналық көмек көрсету жалғасады, – деп түсіндірді Ержан Нұрлыбаев.

Халықтың ыңғайлылығы мен салалық мамандардың қызметтеріне қол жеткізу үшін виртуалды консультациялық-диагностикалық орталық құрылады. Орталық мамандары виртуалды консилиумдар өткізеді.

Жұмыс тәртібі, кеңесшілердің тізімі мен телефондары жақын арада Damumed мобильдік қосымшасында пайда болады. Сондай-ақ, байланыстар мен қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылады.

– Компьютерде науқастық электрондық денсаулық төлқұжаты ашылады. Дәрігерлер емделушінің сырқат тарихын қарайды. Оның шағымдарын сырқат тарихымен салыстырады және белгілі бір ұсыныстар береді. Қажетті дәрі-дәрмектер мен процедураларды тағайындайды. Егер науқастың денсаулығына қауіп төнсе, жедел жәрдем қызметі қосылады, – дейді Ержан Нұрлыбаев.

Қажет болған жағдайда мамандар пациентпен бейне байланысқа шығады.

Басқа материалдар

Back to top button