#Biz birgemiz!

Қарағанды облысындағы волонтерлік көмек бойынша

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 16 наурызынан қазіргі уақытқа дейін волонтерлермен,  кәсіпкерлердің жәрдемдесуімен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарт адамдарға, мүгедектерге және барлық мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша 158 акция өткізілді. 

Жалпы 5373 отбасы немесе 16118 адам қамтылды.

Барлық мұқтаж жандарға жалпы сомасы 16 млн. астам теңгенің (16400,0 мың теңге) азық-түлік себептері дайындалды (макарон және азық-түлік бұйымдары, ұн, жарма, көкөніс, ет, жеміс, сұйық май және т.б.)

Облыс бойынша 48 тоннаға жуық азық-түлік, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық заттар таратылды.

Сонымен қатар, волонтерлермен, жеке тұлғалармен және кәсіпорындармен 13539 дана маскалар тігіліп, халыққа таратылды.

Қазіргі уақытта қоғамның игілігі үшін 1146 волонтер қызмет етуде.

Волонтерлердің қауіпсіздігі аса маңызды мәселе. Сондықтан да волонтерлер вирустан қорғануға қажетті құралдармен қамтамасыз етілуде. Арнайы маскалар, резеңке қолғаптар, антисептикалық заттар волонтерлерге тұрақты түрде беріліп тұрады. Көмек көрсету кезінде қауіпсіздік шаралары міндетті түрде сақталады. Бүгінгі таңда волонтерлер көмек алушылармен тікелей жанаспай жұмыс атқаруда. Яғни, қажетті заттарды үйдің табалдырығын аттамай табыстап кетеді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 7 сәуірінен бастап Қарағанды облысында «Сарыарқа жастары» облыстық волонтерлер штабы құрылды. Штабта мамандар күн сайын тұрғындардан қоңыраулар қабылдайды. Түскен өтініштермен жұмыс жасайды, сонымен қатар, волонтерлерге кедергісіз жүру үшін анықтама береді. Штаб ашылғаннан бері  70-тен аса қоңырау түсті. Негізінен тұрғындар тегін азық-түлік себеттері, дүкеннен азық-түлік жеткізу, дәріханадан дәрі-дәрмек жеткізу, волонтер қатарына қосылу т.б. сұрақтар бойынша хабарласуда. Қазіргі кезде волонтер болуға ниетті адамдар «Белсенді Азамат» платформасы арқылы волонтер қатарына қосылуда. Бүгінгі күні штабқа тіркелген волонтерлер саны 150.

Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Іске асырылған жұмыстарға күн сайын мониторинг жүргізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button