Қарағанды облысында » Ұрпақтар естелігі » акциясы өтуде

Қарағанды облысының тұрғындары республикалық «Ұрпақтар естелігі» акциясына қолдау білдірді.

20 сәуір күні аймақтағы қалалар мен аудандарда Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерді және мемориалдық кешендерді тазарту және оларға тиесілі аумақтарды абаттандыру жұмыстары басталды. Акцияға «Nur Otan» партиясы филиалының, бастауыш партия ұйымдарының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері және  белсенді тұрғындар қатысты.

» Ұрпақтар естелігі » акциясының алғашқы күнінде үш жүзге тарта адам 23 ескерткіштің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.