Бас тақырып

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық.,

Сәтбаев қ. – Қостанай облысының шекарасы;
Теміртау қ. – Ақмола облысының шекарасы;
Қарағанды қ. – Теміртау қ.;
Қарағанды қ. – Ақсу-Аюлы ауылы;
Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы;
Теміртау қ. – Ақмола облысының шекарасы;
Ботақара к – – Павлодар облысының шекарасы;
Ботақара кенті – Қарқаралы қаласы;
Ботақара к – – Павлодар облысының шекарасы;
Топар кенті – Жезқазған қаласы.
Өткен тәулік ішінде ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері 13 құтқару операциясын және апаттық жұмыстарды жүргізді. Қар құрсауында қалған автокөліктерден 30 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала болды. Сонымен қатар, 26 адам эвакуацияланды.
Құтқару жұмыстары Қарағанды, Жезқазған, Бұқар Жырау, Ұлытау, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында жүргізілді.
Бұқар Жырау ауданында Тоғызқұдық ауылынан құтқарушылар жергілікті әкімдік қызметкерлерінің көмегімен 2016 жылы туған баланы аудандық ауруханаға алып барды. Осындай бірлескен құтқару операциясын Юбилейный ауылдық округінде да жүргізді. Андрейник ауылының тұрғыны Теміртау қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Ақтоғай ауданындағы Абай ауылдық округіндегі қыстақтан орталық аудандық ауруханаға 1985 жылы туған әйелді жеткізді.
6 жылыту пунктінде 97 адам орналастырылды.
Қарағанды облысының ТЖД шұғыл қызметтер мен азаматтық қорғау бөлімшелерінің іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында жедел штаб жұмыс істейді.
Жедел штаб телефондары:8 (7212) 51-10-42; 43-36-36; 43-37-37.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Басқа материалдар

Back to top button