Бас тақырыпКоронавирусРесми

Қарағанды облысында қоғамдық көліктің санитарлық жағдайын бақылау күшейтілді

Қарағанды облысында қоғамдық көліктер төтенше жағдай кезінде әдеттегі режимде жұмыс істейді. Автобустардың жағдайына қатысты санитарлық бақылау күшейтіледі. Бұл шаралар қалааралық маршруттарға да қатысты.

Облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшті. Автобустар әрбір рейс басталар алдында және аяқталғаннан кейін дезинфекциялық ерітінділермен жуылады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автопарктерге күн сайын қызметкерлерді тексеруді ұсынды. Егер жүргізушілер мен кондукторларда аурудың белгілері байқалса, онда жұмысқа кірісуіне жол берілмеуі мүмкін.

– Облыс аумағына кіре берістерде санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Олар Нұра ауданында, Жезқазған, Теміртау, Балқашта бар және екі бекет Қарағандыда ашылды. Бекеттерде коронавирустық инфекция белгілері бар келушілерді анықтайтын болады, – деп хабарлады тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдай режимі кезінде тұрғындарға такси нөмірлері мен жүргізушілердің байланыс деректерін есте сақтау керектігін атап өтті. Бұл жұқтыру жағдайында эпидемияға қарсы іс-шараларды барынша жедел жүргізу үшін қажет.

ТЖ режимі кезінде қазақстандықтарға мүмкіндігінше үйде қалып, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы ұсынылады.

Басқа материалдар

Back to top button