Жаңалықтар

Қарағанды облысында менингит деңгейі тұрақты

Еліміздің басқа аймақтарында делең алып, көптің көңілін алаңдатқан менингиттің деңгейі біздің облыста тұрақты. Жыл басынан бері менингитпен ауырған 4 адам тіркелсе, оның біреуі ғана менингококк инфекциясынан туындаған. Науқастардың барлығы кешенді ем алып, үйлеріне шығарылды,– деп мәлімдеді облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Қазіргі таңда менингиттің вакцинасын ақылы түрде облыстың 6 емханасынан алуға болады. Олар: Қарағандыда №3 емхана және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қалалық оралығында, Теміртау қаласының №1 емханасы, Балқаш қаласының №1 емханасы, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының емханасында. Вакцина ақылы. Құны 21500 теңгені құрайды.

Жансая ОМАРБЕКОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button