Бас тақырыпРесми

Қарағанды ​​облысында медициналық маскалар шығарыла бастады

Қарағанды облысында медициналық маскалар тапшылығы болмайды. Аймақ тұрғындарыныңың бұл өнімге деген сұранысын қанағаттандыруға дайын кәсіпорын бар. Облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жергілікті кәсіпорынның жай-күйімен танысып қайтты. Алдағы уақытта  медициналық өнімдер дәріхана сөресіне қойылады.

– Медициналық маскалар шығаратын машина сатып алдық. Ол бір минутта 100-120 дана шығаруға қауқарлы. Біздің маскалар үш қабатты. Біз облыс тұрғындарының инфекциядан қорғаныс қажеттілігін толығымен жаба аламыз, – деді «MФ «Meрей» ЖШС директоры Қанат Наурызбаев.

Өз кезегінде Әлішер Әбдіқадыров әлеуметтік дәріханаларды маскалармен қамтамасыз етуді бастау керек екенін атап өтті. Өнімдер ең алдымен қарағандылықтардың қажеттіліктеріне сай келуі керек. Кез-келген экспорт туралы әңгіме болуы мүмкін емес.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, маскаларға сұраныс баршылық. Қазір кәсіпорын маскалар барлығына жету үшін жұмыстарды бастауға дайы.

Әкім орынбасары сондай-ақ Сарандағы жеке гигиена және үй-жайларды дезинфекциялауға арналған антисептикалық заттар шығаратын кәсіпорында болды. Оның қуаттылығы сағатына 2000 бөтелке, яғни тәулігіне 1000 литр.

– Қазақстанда біз тәрізді осындай төрт өндіріс орны бар. Біздің бағаларымыз төмен. Біз медициналық мекемелерге өнімдерді жеткіземіз және бүкіл Қарағанды ​​облысын дезинфекциялық заттармен толық қамтамасыз етеміз, – деді «Грос Фарм»ЖШС директорының орынбасары Михаил Момчелидзе.

Әлішер Әбдіқадыров өндірушеге дәріханалармен жұмыс жасауды ұсынды.

Жергілікті өндірушілер облыс тұрғындарын маскалармен ғана емес, сондай-ақ қолға арналған антисептиктермен де қамтамасыз етуге уәде берді.

Басқа материалдар

Back to top button