Коронавирус

Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың тағы 33 оқиғасы тіркелді

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 33 жағдайы тіркелді.

33 пациентте ПТР-зерттеу COVID-19 барын растады.
Барлық сырқаттанғандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг нәтижесінде анықталды.

Пациенттер инфекциялық стационарларға жатқызылды.
Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.
Ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

24 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында жұқтырудың 595 жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 оқиға өліммен аяқталған және 190 адам сауығып кеткен. 

Басқа материалдар

Back to top button