Коронавирус

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді

Қарағанды ​​облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді. Вирус індет жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған науқастардан анықталған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Қарағанды қаласында тұратын 1953 жылғы ер адам мен 1972 жылғы әйел адамның COVID-19 жұқтырғаны расталды. Сонымен қатар, Теміртау қаласында тұратын 1977 жылғы, 1985 жылғы әйелдерден және 2004 жылғы ер баладан коронавирус анықталды. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жалпы алғанда, аймақта инфекцияның 133 жағдайы анықталды, оның ішінде 1 адам қайтыс болды, 43 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада.

 

Басқа материалдар

Back to top button