Коронавирус

Қарағанды облысында COVID-19-дан бесінші науқас көз жұмды

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 48 оқиғасы және КВИ-дан бір өлім жағдайы тіркелді.

48 адамда ПТР-зерттеу COVID-19 барын растады. Ол бұрын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға скрининг жасау барысында анықталды.
Оның ішінде 33 қарағандылық, бес теміртаулық, төрт Саран тұрғыны, Бұқар Жырау ауданынан екі адам және Абай ауданынан төрт адам.
Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.
Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

КВИ індетінен қайтыс болған науқас – 1958 жылы туған Қарағанды тұрғыны.  38,7-ге дейін ыстығы көтеріліп, ентігу, жөтел, әлсіздік, тәбеттің, дәмнің, иістің төмендеуіне шағымданғандықтан оны провизорлық госпитальға жатқызған. Ауыр дәрежедегі COVID-19 диагнозы қойылып, екі жақты пневмония анықталған соң жұқпалы ауруханаға ауыстырылды. Коронавирус науқаста ауыр асқынулар, оның ішінде тыныс алу және полиорган жетіспеушілігін тудырды. Сондай-ақ, ер адамда қосалқы аурулары болды, олардың ішінде ауыр дәрежедегі ІІ типті қант диабеті, артериялық гипертензия және т.б. Дәрігерлердің қолданған емдеу әрекеттеріне қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады.

4 маусымдағы деректер бойынша Қарағанды облысында 1072 жұқтыру жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 өліммен аяқталған және 379 адам сауығып кеткен. 

Басқа материалдар

Back to top button