Жаңалықтар

Қарағанды облысында ҰБТ қай күндері өтеді?

Биыл Қарағанды облысында ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған аймағымыздан 5380 түлек қатысады. 

Бас емтиханды тапсыру үшін 15 тестілеу пункті дайындалған. Оларда 122 кабинет, оның ішінде 19 резервтік сынып бар. Тестілеу өтетін сыныптардың барлығы желдеткіштермен және ауа салқындатқыштармен жабдықталған. Сынықтың барынша әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында  200 бейнебақылау камерасы мен 50 металл іздегіш, 123 ұялы байланысты бұғаттау тетігі дайындалды. 

Ата-аналар мен бақылаушылар сынақ барысын онлайн режимде қарай алады.  Тестілеуді құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелері қадағалайды. 

Басқа материалдар

Back to top button