Жаңалықтар

Қарағанды облысында “Бірге – таза Қазақстан” акциясы жалғасуда

Табиғат пен қоғам үшін пайдалы «Бірге – таза Қазақстан!» акциясы Қарағанды облысында жалғасуда және жүйелі деңгейде жоспарлануда. Экоакцияның нысандары ретінде қаланың ең лас жерлері таңдалды. Бүгін – 10 тамыз күні Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы 3 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, Гапеев көшесіндегі гараждар аумағын тазарту, «Восток – 5» ықшам ауданындағы орман көшеттері аумағын шығыс айналма жолы бойымен тазарту, Методическая көшесінің бойымен штамбты көтеру, Майқұдықтан қалаға дейінгі – «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданы – 7 магистраль аралағындағы жылу желісінің бойындағы қоқысты жинау жұмыстары жалғасатын болады.

Қаланың барлық тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша қалалық әкімдікке 42-59-41, 42-10-51 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button