Коронавирус

Қарағанды облысында 6 адам коронавирустан жазылды

Бүгін Қарағанды облысында 6 адам коронавирустан жазылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Індеттен жазылғандардың төртеуі Қарағанды, екеуі Шахтинск қаласының тұрғындары. Оларға коронавирус инфекциясының жеңіл формасы деген диагноз қойылған. Науқастар толық емдік курстан өткен соң  2 мәрте ПТР сараптамасын тапсырды. Тексеру нәтижесінде олардың сырқаттан сауыққаны белгілі болды. Осыдан соң  14 күнге үй карантиніне жіберілді. Жалпы алғанда, облыс аумағында қауіпті дертті жеңгендердің жалпы саны 43 адамға жетті”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button