Қарағанды

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлікті жария ету бойынша акция өткізеді

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету бойынша акция өткізеді. Бұл акция арқылы қазақстандық және шетелдік үлгідегі қаражатты, құнды қағаздарды, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті, жылжымайтын мүлікті жария етуге болады. Жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Сіздерді мүмкіндікті пайдалануға және мүлікті жария етуге шақырамыз. Туындаған мәселелер бойынша 41-09-44 телефоны бойынша немесе тұрғылықты жерлеріңіздегі мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуға болады.

Қарағанды облысы

бойынша мемлекеттік

кірістер департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button