Облыс әкімі

Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшылығына Серік Талдыбаев тағайындалды.

Серік Талдыбаев 1980 жылы туған. Үш жоғары білімі бар.

2005 жылы Қырғыз-Ресей білім академиясын, 2010 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін және 2019 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Біліктілігі бойынша – заңгер, көлік бакалавры, экономика және бизнес магистрі.

2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2007 жылдан 2017 жылға дейін көліктік бақылау саласында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып, Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің жетекші маманы қызметінен бақылау басқармасының басшысына дейінгі еңбек жолынан өткен.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясын басқарған.

 Тағайындалғанға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болды.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button