Жаңалықтар

Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерде Ашық есік күні өтеді

24 тамыз күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерде бауырдың қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.


Дәрігерлер келесідей белгілер байқалған жағдайда тексеруден өтуді ұсынады:
– ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы (іштің кебуі, іш қуысындағы жайсыздық, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, құсу);

– оң жақ қабырға астының ауруы;

– тері қабаттарының сарғыштығы;

– жылдам шаршау, белгісіз себеппен салмақ жоғалту.

Сонымен қатар, егер сіз В, С вирусты гепатиттері бойынша инфекционист маманда есепте тұрсаңыз, тексерілген абзал.
Барлық ниет білдірушілер диагностикадан тегін өтіп, онколог дәрігерлерден кеңес ала алады.
Қажетті жағдайларда тегін УДЗ жүргізілетін болады. Дәрігерлер УДЗ өту үшін аш қарынға келу керектігін ескертеді. Соңғы тамақтану мерімі алдыңғы күнгі сағат 19.00-ден кеш болмағаны жөн. .
Қосымша ақпаратты +7(7212) 43-88-20 телефоны арқылы біле аласыз.

Басқа материалдар

Back to top button