Бас тақырып

Қарағанды музыкалық комедия театры спектакльдерін тікелей эфирде көрсетеді

Қарағанды облыстық музыкалық комедия театры тікелей эфирде балаларға арналған спектакльдерін көрсетеді. Бұл туралы театр әкімшілігі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

“Три веселых гнома” қуыршақ ертегісі 25 наурыз күні сағат 12.00-де көрсетіледі. Бұл орман үйінде тұратын гномдар туралы ғажайып оқиға. Олардың жанына зұлым тролль қоныстанады. Ол сиқырлы кітапты ұрлап, орманның барлық тұрғындарын сиқырлап тастайды. Гномдар зұлым көршісін жеңуге және өз орманында тәртіпті қалпына келтіруге тура келеді.
Спектакльдің ұзақтығы – 35 минут.
26 наурызда сағат 12.00-де “Квакуша-путешественник” музыкалық ертегісін көрсетеді. Басты кейіпкерлер – Квакуш бақа және оның достары – Кузя атты шегіртке және Мила есімді қызыл қоңыз. Көңілді компания қызықты саяхатқа баруды армандайды. Өз жолында олар қиындықтарға төтеп беріп, зұлымдықты жеңеді және нағыз достар әрқашан бір-біріне көмекке келетінін дәлелдейді.
Қойылым 35 минутқа созылады.
Ертегілер Instagram-дағы театрдың ресми бетінде көрсетіледі: katmk.kz.

Басқа материалдар

Back to top button