Руханият

Қарағанды кітапханалары онлайн жұмыс режиміне ауысты

Қарағанды облысының кітапханалары онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. Оқырмандар әдеби байқауға қатысып, оқу залына шолу жасау, кітапты пайдалану мерзімін ұзарту сынды қызметтердің бәріне карантин кезінде қашықтықтан қол жеткізе алады.

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының онлайн-каталогында 350 000-нан астам библиографиялық жазба сақталған. Бұдан бөлек, төмендегі қызмет түрлері қолжетімді:
құжаттарды электронды жеткізу – мақалалар мен кітап үзінділерінің сандық көшірмелеріне тапсырыс беру. Кітапхана кітаптар мен мақалалардың бөліктерін іздеу, сканерлеу және оқырмандардың электрондық поштасына жіберу бойынша қызметтерді ұсынады;
виртуалды анықтама – қашықтағы пайдаланушылардың бір жолғы сұрауларын орындайды. Әдебиеттер тізімін ұсыну мүмкін;
«Сары-Арқа» электрондық кітапханасы – Қарағанды және Қарағанды облысы туралы толық мәтінді құжаттарға қол жеткізу;
виртуалды көрмелер – тақырыптық және дербес сипаттағы толық мәтінді құжаттар;
оnline-кітаптарды ұзарту – «Абонемент» бөлімінде алынған кітаптарды пайдалану мерзімін тез және ыңғайлы ұзартуға болады.
Толығырақ кітапхананың karlib.kz сайтынан және 56-76-55, 56-74-64 нөмірлері бойынша білуге болады.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы да барлық жобалары мен кездесулерін онлайн-форматқа ауыстырды. Кітапхананың uniorlib.kz сайты бар, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және YouTube-те парақшалары жұмыс істеп тұр.
Барлық қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Мұнда Қарағанды аймағы туралы тарихи-өлкетану сайты, сирек қолжазбалар мұражайы бар. «Әдемі» шығармашылық клубы Instagram-ның тікелей эфирінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.
– Биылғы атаулы күндерге арналған онлайн-байқауларды осыдан біршама уақыт бұрын бастаған едік, олардың жұмысы жалғасуда. Атап айтар болсақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған байқаулар мен «батылдық» жобасы. «Жүрегіміздесізде, ешқашан ұмытпаймыз» жобасында 15-24 жас аралығындағы қатысушылар Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқиды. Жіберілген жұмыстарды YouTube-арнасына орналастырамыз, ал, жеңімпаздарды дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттаймыз, – дейді кітапхана директорының орынбасары Гүлнар Алдонғарова.
Сондай-ақ, кітапханада онлайн түрінде жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Кітап флешбек» және «Абай бағыты» жобасы – Қарағанды облысының Абаймен байланысты естелік орындарына шолу жасау ұйымдастырылады. Және онлайн түрде ақын Серік Ақсұңқарұлының 70 жылдығы аталып өтеді.

Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған арнайы кітапханасы да өз оқырмандарына онлайн-қызметтер ұсынады.
1 сәуір – «Балауса» балалар әдеби-танымдық клубы видеосабаққа қосылып, өз қолдарымен қолөнер жасауды ұсынады.
Көзі көрмейтін пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін уатсап тобы құрылады. Сондықтан ақпаратты дыбысталған түрде алуға болады.
2 сәуір – «Шабыт» сауықтыру клубы Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан күнәсі» атты онлайн-оқуын өткізеді.
6 сәуір – «Сиқырлы саусақтар» сәндік-қолданбалы өнер клубы танамоншақ жасау бойынша бейне сабақтарға шақырады.
Арнайы кітапхананың онлайн-қызметтері туралы толық ақпаратты 53-69-63 телефоны арқылы алуға болады.

Облыстық Абай атындағы балалар кітапханасы барлық жастағы балалар мен олардың ата-аналары үшін қазақ және орыс тілдерінде онлайн-платформалар мен онлайн-іс-қимыл жоспарларын ұсынады.
«Әдебиет порталы» https://adebiportal.kz қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қол жетімді.

«Kitap.kz» https://kitap.kz – қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқуға және тыңдауға мүмкіндік береді.
«Тәтті алма» https://tattialma.kz кітап оқуға деген сүйіспеншілік пен әлемді түсінуді дамытады. «Тәтті алма» платформасында ата-аналарға арналған мультфильмдер, ертегілер, жұмбақтар, байқаулар мен арнайы бөлімдер бар.
«Qasym.kz» http://qasym.kz — портал, онда Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, рухани, мәдени, ғылыми және білім беру материалдары жарияланады.
«Kaz-Lit.kz» http://kaz-lit.kz – фольклордан қазіргі авторлардың жаңа шығармаларына дейінгі қазақ әдебиеті ұсынылған.
Қазақстанның Қызыл кітабы http://www.redbookkz.info – мұнда Қызыл кітапқа енгізілген фауна мен флора туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
«Қазақ халық ертегілері» http://www.ertegi.ru – орыс тілінде.
«Rukh.kz» https://ruh.kz/en – алты бөлімнен тұратын «Рухани жаңғыру» жобасының ақпараттық порталы: «Отан», «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы», «Әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «100 жаңа атау», «100 жаңа оқулық», «Латын әліпбиіне көшу».
31 наурыз күні онлайн-кітапханада сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Кітапты иллюстрациялар бойынша тап» атты викторина өтеді. Сондай-ақ, осы күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Киіз үйдің этникалық конструкторы» онлайн-тренингі өткізу жоспарланған.
1 сәуір күні сағат 11.00-де – «Шуақ» балалар шығармашылық студиясының онлайн-сабағы, ал сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін – «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» онлайн-викторинасы.
2 сәуір күні сағат 11.00-де – «Кел, қазақша сөйлейік!». Ал, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін – «авторды білесің бе?».
3 сәуір күні сағат 15.00-де – «Ертегілер елінде» айдары – ертегіні онлайн-оқу. Осы күні сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін – «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» онлайн-викторинасы өтеді.
5 сәуір күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін – «авторды білесің бе?», ал, сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін – «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» онлайн-викторинасы өткізіледі.
Абай атындағы балалар кітапханасының сайты – https://www.odb-abai.kz, толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 41-23-25, 41-23-26.

Басқа материалдар

Back to top button