ЖаңалықтарҚарағанды

Қарағанды қаласы аудандық прокуратурасының қызметкері ұсталды

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық поркуратурасының бөлім прокуроры пара алу барысында ұсталды, – деп хабарлайды ortalyq.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2018 жылғы 16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін өтемақы алмақ болған”, – делінген хабарламада. 
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. 
Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button