Жаңалықтар

Қарағанды – алғашқы үштікте

2019 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша Қарағанды облысында тіркелген заңды тұлғалардың саны – 30071. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%- ға көп. Қарағанды облысы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін тіркелген заңды тұлғалардың саны жағынан республикада ІІІ орын алады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жария етілген мәліметтерде заңды тұлғалардың жалпы санының 97,9%-ы шағын, 1,5%-ы орта және 0,6%-ы ірі кәсіпорындарды құрайтынын көрсетіп отыр.

Көп бөлігі Қарағандыда (67,5%). Облыстың басқа қалалары мен аудандарына 0,5%-дан 9,9%-ға дейін келеді. Мұнда жекеменшік заңды тұлғалар – 88%, мемлекеттік -– 6,7%-ды, шетелдік – 5,3%- ды құрайды. Заңды тұлғалардың көбісі сауда, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі саласында.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button