Қарағайдың айтылмаған құпиясы

Бұқар баба жайлы толғау мен болжауымда шортан мен қарағай жайлы айтылмаған құпияның шетін шығарып:

Қарағай – судан қашықтап,

Шөлге біткен бір дарақ.

Шортан – шөлге шыдамсыз,

Балықтан шыққан бір қарақ, – деп қараорман оқырман қазынасы, дәуірден үнемі өз үлесін алып келе жатқан қарағайдың кереметтеріне тағы бір тоқталуды кейінге қалдырып едім: қарағай көмір қышқыл газын сіңіріп, тәулігіне 220 — 280 литр таза ауа шығарады. Оған тең келетін ағаш әлемде жоқ. Халқымыздың байлығы, баға жетпес қазынасы қарағай экологиялық күрес – өмір үшін күрестің негізі болып табылады екен. (Міне осы жерде біз бабаның көрегендігін танимыз).

Қарағай өскен жерді еріген қар және нөсер суы бүлдіре алмайды, тереңге бойлап тамыры топырақты эрозиядан сақтайды. Қарағайдың тұла бойы жүйкеден бастап барлық ауруға ем.

Қарағай да қайғырып,
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға. … деп, — жырлаған екен Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Бұқардан кейін заман үлесіне ғасырға жетіп іліккен Махамбет те қарағайды жырлапты:
Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма.
Қарағайға қарсы бұтақ бiткенше,
Еменге иiр бұтақ бiтсейшi,
Қыранға тұғыр қыларға.
Шамасы ақын жырындағы
қарағайға қарсы бұтақ – хан әулетi, еменнiң иiр бұтағы – бұқара халық болар. Ол дәуірдің үні, өйткені қарағайды қайырсыз еткен Петр жарлығы Қазақ даласына шырша мерекесін әкелген болатын. Содан бері қарағай тұқымдас ағаштардың дәурені тәмам болды. Оларды шырша тойы – жаңа жылға арнайы отау дәуірі басталды.

Қарағайдың адамға жақындығы бұталарының адам саусағындай салалы ұқсастығы – ең ортаңғысы бес саусақтың ірісі болып келеді.

Сонда баба:

«Қарағай судан қашықтап,

Шөлге біткен бір дарақ», – деп нені меңзеді екен. Қайран баба ұрпақ тағдырын ойлап қатты қайғырған. Қарағайды шөліркетіп, сахнаға байладық қой. Қандай көрегендік.

Мойынға киілген қамыт әлі шешілмей тұр. Шырша тойында ең сорақы қылмыстар, жол апаттары, зорлық зомбылық әлі жалғасып келеді. Баба ақиқатына көз жеткізген Мәшһүр, Мұқтарлар, одан кейінгі толқындар шындықты айта алмады. Бабаның өзі ұрпақ қамын толғауға жасырды. Олай етпесе сүре жасына жетер ме еді…

«Қарағайдың түбінен,

Қайырып алған, қобызым, – деп Қорқыт та боздаған. Қарағай жайындағы жұмбақ, айтар әңгіме әлі алда.

Сержан Смаханұлы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.