Жаңалықтар

Қар тазалау – қарқынды

    Қарағандыға қыстың қаһары келді. Екі күн болды қар толастар емес. Таға да ақ ұлпа жауып жатыр. Синоптиктердің айтуына қарағанда, қар келесі түнге дейін жалғасады. Өткен түннен бері жауған қардың қалыңдығы 5 см-ден асты. Бұл туралы «Благоустройства» КМК баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланың коммуналдық қызметтері қар жауғалы дереу іске кірісіп, таң атқанша бірнеше рет қаланың жолдары мен көшелеріне құм шаш­қан, бұл жұмыстарға  арнайы техника жұмылдырылған.

– Қазіргі уақытта қалада қар тазалау жұмыстарымен жалпы саны 129 техника ай­­налысуда. Магистральді көшелер мен жол айырық­тарындағы қарларды сыртқа шығару мен тазалау жұмыстары орындалуда. Екі күннің есебі бойынша қала сыртына шығарылған қар көлемі 7114.9 текше метрге жетті,– дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қалалық коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары қаладағы құ­лаған талдар мен сынған бұталарды кесіп, қала сыртына шығаруда.  Осы апта аяз болады деп күтілуде. Сон­дықтан, айтулы саланың қызметкерлері күндіз-түні 2 ауысымда еңбек етіп,  қарды тазалау ісін бақылайтын арнайы кезекшілік ұйымдас­тырмақшы.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button