Қарқаралы

Қарқаралыда жұмыссыздар саны азайды

Мемлекет басшысы Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру – мемлекет саясатының басты бағытына айналуы тиістігін атап көрсетті. Елбасы тапсырмасына сәйкес, бүгінде ауданда халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына бағытталған қамқорлық шаралары күшейе түсті.


Өткен жылы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге республикалық және жергілікті бюджеттен 17 млн. теңге қаражат бөлінді. Жаңа форматтағы мемлекеттік әлеуметтік көмек 98 отбасыға тағайындалды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқамерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бағыты шеңберінде қосымша мамандыққа оқыту жоспары толық орындалды.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты шеңберінде жыл ішінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 234 адам қамтылды. Оның ішінде, 134 тұрғын 490,7 млн. теңге несие алды. Сәйкесінше, жоспар 114 пайызға орындалды. Биылғы жылға беріліп отырған несие сомасы – 417 млн. теңге.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам, жастар тәжірибесіне 12 адам, қоғамдық жұмыстарға 371 адам тартылды.
Нәтижесінде, аталмыш бағдарламаға аудан бойынша 2438 адам қатысты. Олардың 1025-і – жұмыссыз, 548-і – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан 3,5 пайызға төмендеді.

Сағыныш Әбілова,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button