Бас тақырыпРуханият

Қарқаралыда Құнанбай қажы мен бала Абайға ескерткіш қойылды

Арқаның алтын тәжі атанған Қарқаралыда Құнанбай мен Абайдың ескерткіші бой көтерді. Ескерткіш Құнанбай қажы мешітінің алдына орнатылған. 

Қарқаралыда Құнанбай Өскенбайұлы мен бала Абайға арналып ескерткіш қойылды. Арқаның алтын тәжі, қазақтың бір туар ұлдары мен қыздары түлеп ұшқан, сөз бастаған шешендер мен ел бастаған көсемдер, қол бастаған батырлар мен ақиық ақындар, сазгерлер мен кұміс көмей әншілер шыққан қасиетті Қарқаралы жерінде осындай ескерткіштің орнатылуы үлкен қуаныш. Аталған мүсіннің салтанатты ашылуына алыс – жақыннан қонақтар келіп, құттықтау сөзін сөйледі. Бұл – Рухани жаңғырудың нағыз үлгісі.

Қарқаралы тарихы ұлы ақын, дана ойшыл Абай есімімен тығыз байланысты. Тіпті, әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда мешіт салдырып, қайырымдылық жұмыстарын да жүргізген.

Бүгінде Қарқаралы қаласында Абай тоқтаған үй мен Құнанбай салдырған мешіт өткен ғасырлардың тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштер ретінде қарқаралықтардың есінде.

Есімдерін ұрпақ алдында мәңгілік ескерткіш қылып қалдырған қос тарихи тұлғаға осындай ескерткіш қою – бабаларға көрсетілген ұлы тағзым.

Басқа материалдар

Back to top button