Бас тақырыпРесми

Қарқаралы жолдарын жөндеуге бөлінген қаражат артты

Қарқаралы ауданы тұрғындарын алаңдатқан басты мәселенің бірі – жол сапасы. Олар облыс әкіміне жолдардың нашарлығына қатысты шағымдарын жеткізді. Аймақ басшысы бұл мәселеден хабардар екенін айтып, келесі жылдан бастап жол жөндеуді қаржыландыру көлемінің ұлғаятынын хабарлады.

  • Биыл Егіндібұлақтан Қарқаралыға дейінгі жолды ретке келтіруді жалғастырамыз. Сондай-ақ, Қарқаралы қаласынан Қарағанды қаласына дейінгі учаскені жөндеу жұмыстары жалғасады. 2020 жылы жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 3,5 есеге артады. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд.теңге бөлінді, – деді облыс әкімі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтоновтың айтуынша, Қарағандыдан Шығыс Қазақстанға дейінгі жолды Қарқаралы арқылы ауқымды қайта құру жоспарланған. Күрделі жөндеуден кейін жүру жолақтарын 9 метрге дейін ұлғайту көзделуде.

Ауыл ішіндегі жолдардың жағдайына келер болсақ, Әскербек Халтонов Қарағайлы ауылында жол мәселесінің шешілгенін баяндады. Қарқаралы қаласындағы негізгі көшелер толық жөнделген. Бұл жұмыстардың барлығы аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асқан.
Қарқаралы ауданы бойынша 1200 шақырымнан астам автожол, оның ішінде 192 шақырым республикалық маңызы бар, 311 шақырым облыстық маңызы бар жолдар өтеді.
Ауданға жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек жол проблемалары ғана емес, сонымен қатар көлік мәселесіне қатысты да сауалдар қойды.

Аудан тұрғындары облыс орталығына жету өте қолайсыз екенін айтуда. Аудан орталығына тікелей маршруттың болмауына байланысты транзиттік бағытта жүретін автобустарға отыруға тура келеді. Ал, оларда үнемі адам көп. Алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін таппақ. Ол үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен «Қарағанды – Қарқаралы» бағытындағы автобус қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ, келешекте Қарқаралы қаласына әуе қатынасымен де жетуге болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button