«Арқа» абыроймен оралды

Жақында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тараз төрінде бұқаралық спортты насихаттаушы Темірлан АРЗЫМБЕТОВТІ еске алуға арналған шағын футбол турнирінде қарағандылық «Арқа» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Айтыскерлер арасында өткен дода халықаралық деңгейде өтіпті. Сөз ұстаған Арқа ақындарының өнерде бәсі биік екені белгілі. Бұл жолы спорттан да бақтарын сынаған олардың жолы болып, I орынды иеленді. Сөйтіп, «Арқа» командасы елге абыроймен оралды.«Ақынға керек көп ойлау, артықта етпес доп ойнау» деген атаумен өткен доп сайысында біздің қарағандылықтардың биіктен көрінуі – бірліктерінің арқасы. Бұл орта бос уақыттарын доп тебуге арнап отырады. Басқа да шараларда үнемі бірге. Үлгі аларлық…

Ойынға оралсақ. Ойынның алғашқы кезеңдерінде қарағандылықтар Қырғызстаннан келген «Талас» пен «Алматы» және Тараздың «Әулиеата» командаларынан басым түскен.

Жартылай финалда Арқа мен Ақмешіт арасындағы ойын тартысты өтіп,  кездесу 4:2 есебімен аяқталады. Финалда Түркістан облысының «Тұран» командасы үш голға есе жіберіп, «Арқа» жарыстың жеңімпазы атанады.

Айтыстың ақтаңгері Дидар Қамиев турнирдің «Үздік сұрмергені» және «Ең әдемі голдың авторы» атанғанын да айта кетейік.

Қасымхан ҒАЛЫМ.