Жаңалықтар

Қапы қалмайық!

Қарағанды Ұлы Бұқар жырау атына халықаралық фестиваль өткізбек. Бұйыртса, Бұқар ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ 350 жылдығы аясында жыршы-жыраулардың І халықаралық фестивалі мамыр айының 11-12 аралығына жоспарланып отыр. Ал, ақсарбас делік онда.

Бұқар бабамызды еліміздің аймақтарынан ғана емес, шетелдерден келіп, жыр¬ға арқау етпек жыраулар фестивальдің алғашқы күні (11 мамыр) Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі мәдениет үйінде бас қоспақшы. Жырауға тағзым ескерткішінен басталып, фестивальдің тұсауы атын алып отырған ауданда кесіледі деген сөз. Бабамыздың еңселі ескерткіші осында екенін былайғы жұрт білсе керек. Екі күнге созылатын халықаралық шараның келесі бөлімі 12 мамырда Қарағанды қаласындағы К.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында өтеді. Фестивальге қатысушылар Қазақстанмен қатар, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Қарақалпақстаннан келеді. Дүбірлі додада атағы Алашқа мәлім Алмас Алматов, Баянғали Әлімжан, Бекболат Тілеухан сияқты майталман өнерпаздар өнер көрсетеді деп күтілуде. Қапы қалмайық, ендеше!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button